Хайыз келейін деп тұрған уақыт, бірақ әлі қызыл қан емес, қоңыр түсті келсе, ораза ұстауға болмай ма?
Хайыз келер кезде қоңыр түсті келсе, оразасын бұзуы керек пе?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Хайыздың басында қоңыр түсті келсе, Имам Ағзам Әбу Ханифа мен Имам Мұхаммед (рахимаһумаллаһ) оны хайыз санаған. Ал Имам Әбу Юсуф (рахимаһуллаһ) болса «хайыздың басында көрінген қоңыр түс және соңында көрінген қоңыр түс» деп бөледі. Бұл ғалымға қарағанда хайыздың батапқы сәттерінде көрінген қоңыр түсті зат хайыз емес, ал хайыздан кейін көрінген қоңыр түсті зат хайыз болып есептеледі. Имам Ағзам Әбу Ханифа мен Имам Мұхаммед бойынша екі жағдайда да қоңыр түсті бөлінген зат хайыз1. Ханафи мәзхабында да пәтуа осыған негізделеді. Сол себепті, сіздікі хайыз үкімінде, сол күні ауыз ашқан жөн. Рамазаннан кейін қазасы өтеледі.
Хайыздың түстері алтау, олар - қара, қызыл, сары, қоңыр, жасыл және топырақ түсті.
1 Имам Сәрәхси (рахимаһуллаһ): «әл-Мәбсут».