Саламатсыз ба! Ер адам мазок тапсырса ораза бұзыла ма? Алдын ала раxмет!
Ер адам анализге мазок тапсырса, оразасы бұзыла ма?
|
Сәлеметсіз бе!
Ер адамдардан мазок аларда несеп жолына (уретра) арнайы стерильді зонд енгізіледі. Шариғат бойынша, ер адамдардың несеп жолдарына енгізілген заттар оразаны бұзбайды, мейлі ол су болсын, мейлі май болсын. Бұған байланысты «Фәтәуәл Һиндия» атты кітапта былай делінген: «(Ер адамның) несеп жолына (дәрі, май т.б.) тамызса, Әбу Ханифа мен Имам Мұхаммед бойынща, оразасы бұзылмайды, мейлі су тамызсын, мейі май тамызсын бұзылмайды»1. Өйткені, ер адамның несеп каналдары мен ас қорыту жүйесі арасында байланыс жоқ. Сондықтан да, несеп жолына құйылған зат асқазанға, ішке өтпейді. Сол себепті, ораза бұзылмайды делінген. Ендеше, аузы берік ер адамның несеп жолынан анализге мазок алып тапсыруының оразаға зияны жоқ, оған оразасы бұзылмайды.
Абдусамат Қасым
1«Фәтәуәль Һиндия», 1\224 бет.