Наурыз мейрамына орай бір күнге ауызымызды ашсақ бола ма?
Наурыз мейрамына орай бір күнге ауызымызды ашсақ бола ма?
1 ай бұрын 9802

Ассаламу ғалайкум! Ертең науырызға қарсы аузымызды бір күнге ашсақ болама деген сұрақ көп болып жатыр.

Бисмилләһир рахманир рахим

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, алдымен айта кетейік, Рамазан оразасын шариғи бір себепсіз ұстамау - ауыр күнә, харам іс. Хадистерде Рамазан оразасын себепсіз ашып жіберген мұсылмандардың о дүниедегі мәшғұл жағдайы баян етілген. Мысалы, бір хадисінде Алла елшісі тозақтағыларды айта келе: «Ол жерде бір қауымды көрдім» - дейді Алла елшісі. - «Аяқтары  тірсектерінен ілінген, ұрттары жыртылған, ұрттарынан қан ағып жатыр. Мен: «Мыналар кімдер?» - деп сұрағанымда, «бұлар – оразаларын күн батпай жатып, себепсіз ашып жібергендер», - деп жауап берді». Бұл хадис Рамазан оразасын ұстап бастап, ашып жіберген кісі мен мүлдем ұстамай жүрген мұсылманды қамтиды. Бұдан да Рамазанда шариғи бір себепсіз ауыз ашып жіберу ауыр күнә екендігін ұғамыз.

Ендеше, ауыз бекітіп наурыз мейрамына барып қатысуға және түрлі қызықты бағдарламаларды қызықтап қайтуға болады, бірақ наурыз үшін бір күнге болса да оразасын үзуге болмайды, олай ету - күнә болады.

Абдусамат Қасым