Ассалаумағалейкум! Бүгін ауызашар уақытынан 10 минут өткеннен кейін ауызымды аштым, бүгінгі оразам қабыл бола ма? Кім біледі? Рахымжан.
|
«Бүгін оразамды уақытынан 10 минутқа кеш аштым, оразам қабыл бола ма?»
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Оразаңызды ауызашар уақытынан кеш ашқан болсаңыз, оразаңыз дұрыс, қабыл болады. Бастысы оразаны ауыз ашар уақытынан ерте ашып қоймауға мән берген дұрыс, ал кешірек ашудың оразаға зияны жоқ. Десе де, Пайғамбарымыз (с.а.у.) ауыз ашуды себепсіз кешіктірмей, уақтылы ашуды ұнамды санаған. Ол бір сөзінде былай дейді: «Адамдар ауыз ашарды тездеткенше жақсылықта бола бермек»[1].
[1] Имам Мүслім: «Сахих Мүслім».
Көп оқылғандар
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?
■
ИСА ПАЙҒАМБАРДЫҢ (Ғ.С.) КӨКТЕН ЖЕРГЕ ТҮСКЕННЕН СОҢ ҮЙЛЕНЕТІНІ РАС ПА?
■
Әртүрлі тақырыпқа қатысты үш сұрақ