Оразада ауыздағы жағымсыз иісті кетіретін спрейді қолдануға бола ма?
Оразада ауыздағы жағымсыз иісті кетіретін спрейді қолдануға бола ма?
1 жыл бұрын 2858

Ассалям алейкум! Ораза кезде ауыздан жағымсыз иіс шықпас үшін «жағымсыз иісті кетіру үшін себетін» затты себуге бола ма? Musilman Ainasy

Барлық мақтау әлемдердің раббысына болсын және оның сүйікті пайғамбары Мұхаммед ғалейһиссәләмға салауаттар болсын!

Уағалейкуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Оразада аузы берік кезде ауыз қуысындағы жағымсыз иісті кетіретін спрей қолдану мәкруһ болады. Бұл дегеніміз, аса қажетті кездерде болмаса, жайшылықта оразада қолданбаған абзал дегенді білдірмек. Өйткені, ауызға шашылған заттың жұтылып кету қауіпі басым, шашылған зат жұтылса оразаны бұзады, бір күн қазасын өтеу керек болады. Сондықтан да, маңызды кездесулерге барғанда немесе маңызды келіссөздерге барғанда аузындағы жағымсыз иістен ыңғайсызданған мұсылман аз мөлшерде ғана сеуіп, бірақ жұтпай түкіріп тастаса, оразасы бұзылмайды дейтін дін мамандары бар. Дегенмен, себілген заттың жұтылып кету қауіпі басым болғандықтан мүмкіндігінше қолданбағаны абзалырақ. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым