Ауыз бекітерде немесе ауыз ашарда бірінші дұға етіп су ішеміз бе, әлде су ішіп, одан кейін дұға жасаймыз ба?
Ауыз бекітерде немесе ауыз ашарда бірінші дұға етіп су ішеміз бе, әлде су ішіп, одан кейін дұға жасаймыз ба?
6 жыл бұрын 113359

Сәлеметсіздер ме! Сұрайын дегенім, ауыз бекітерде суды дұға айтқаннан кейін ішу керек пе,  немесе бірінші су ішіп алып, сосын дұға айту керек пе? Меруерт Ақибекова.

Сәлеметсіз бе!

1. Ауыз бекітерде бірінші су ішесіз, одан соң дұға оқисыз. 

2. Ауыз ашарда бірінші дұға оқып, одан соң су ішесіз. Пайғамбарымыз (с.у.а.) өзінің бір хадисінде: «Үш адамның тілегі қайтарылмайды: Ауыз ашар сәтіндегі аузы берік адамның дұғасы, әділ имамның (басшы) дұғасы және зұлымға ұшырағанның дұғасы» - деген. Хадистегі «ауыз ашар сәтінде» деген сөзден – ауыз ашарда дұға тілеп, одан кейін су ішілетіндігін аңғаруға болады[1]. Бұл хадистің басқа бір нұсқасында «Аузын ашқанға дейінгі аузы берік адамның...» деп келеді[2].  

3. Бірақ, орындарын ауыстырып, ауыз бекітерде бірінші дұға жасап, сосын су ішіп бекітсеңіз де, немесе ауыз ашарда бірінші су ішіп сосын дұға жасасаңыз да оразаңызға еш зияны жоқ.  

Алла оразаларыңыздың жеңіл әрі берекелі өтуін жазсын! Ораза қабыл болсын!


[1] Имам Тирмизи: Сүнән. Хасан хадис.
[2] Имам Ахмад: Мүснәд.

Абдусамат Қасым