Ассаламу алейкум! Күн батпайтын аймақтағылар қалай ауыз ашады және бекітеді? Ержан.
Алты ай күндіз болып тұратын аймақта намазды қалай оқиды? Оразаны қалай ұстайды?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Алты ай күн, алты ай түн болып тұратын аймақтағы мұсылмандар намаздары мен оразаларын өтеулері үшін – күндізі мен түні әдеттегідей алмасып тұратын ең жақын аймақтың немесе елдің уақытын негізге алады дейді қазіргі ғалымдар. Сол аймақтың уақыты бойынша таң атқан болып, сол аймақтың уақыты бойынша күн батқан болып есептеледі. Демек, ондағы ораза кестесі бойынша ауыз бекітіп, сол кесте бойынша аузын ашады[1]. (Мекке және Мәдина қаласының уақытын негізге алады дейтін ғалымдар да бар).
[1] Уаһбату аз-Зухайли: «Фәтәуә Муъасыйра». 35 бет.