Адыраспан тұтатып иіскеу оразаны бұза ма?
Адыраспан тұтатып иіскеу оразаны бұза ма?
8 ай бұрын 1882

Саламатсыз ба! Рамазан айының оразасы қабыл болсын! Ораза адам аузы берік кезде тұмауратып тұмаудан қорғану үшін және дезинфекция үшін адыраспан тұтатып иіскегеннен оразасы бұзылмай ма? Алдын ала рахмет!

Бисмилләһир рахманир рахим

Сәлеметсіз бе! Ханафи кітаптарында түтінді әдейі иіскеу оразаны бұзады делінген мәліметті кездестіруге болады. Сол себепті, адыраспанды тұтатып, оны иіскеу «түтінді әдейі ішке жұту» болып саналатындықтан, оразаңызды бұзуы мүмкін. Оның орнына мұрынға себетін спрейді аз мөлшерде сеуіп амалдап көру керек немесе тұмауратқанда иіскейтін арнайы медициналық мұрын ашар препараттарды иіскесе болады.