Үтір намазында Құныт дұғасын оқымай, намазды аяқтап қойса, ол намазды қайта оқи ма?
Үтір намазында Құныт дұғасын оқымай, намазды аяқтап қойса, ол намазды қайта оқи ма?
4 жыл бұрын 31537

Ассаламуғалейкум уа рахматуЛлаһи уа бәракатуһ! Үтір намазындағы құныт дұғасын оқымай намазды аяқтаса, сәһу сәждесін жасай ма? Қайта оқу керек пе? Гүлайым.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уа бәракатуһ!

Үтір намазында Құныт дұғасы оқылмай қалса, намаз соңында сәһу сәжде жасалу керек. Өйткені, құныт дұғасын оқу - уәжіп амалына жатады. Ереже бойынша, намаздың уәжібін орындамау сәһу сәждесін жасауды керек етеді. Бірақ, егер, Құныт дұғасын оқымағандығын намазды аяқтап қойғаннан кейін есіне түсірсе немесе сәһу сәждесін жасауды ұмытып, намазын аяқтап қойса, намазы есептеледі, қайта оқудың қажеті жоқ. 

Осы тұрғыда, құныт дұғасын білмейтін кісі оның орнына "раббәнә әтина" дұғасын оқуына болады немесе үш рет "раббиғфирли" (Раббым күнәмді кеш) деп айтуына болады, тіпті кей кітаптарда "я, рабби" деп үш рет айтса да құныт дұғасының орнына жүреді деген. Әрине, бұл жеңілдіктер құныт дұғасын әлі жаттап үлгермеген немесе жаттай алмай жүрген кісілерге қатысты. Ал, білетіндер, намаз ретіне сай құныт дұғасын айтқандары абзал. ("Әл-Бахрур Ра'иқ").

Абдусамат Қасым