Үтір намазын оқып қойса, түнде «тәһәжжуд» намазын оқуына бола ма?
Үтір намазын оқып қойса, түнде «тәһәжжуд» намазын оқуына бола ма?
6 жыл бұрын 20228

Ассаламуалейкум! Тунде окылатын напiл намаздар үтір намазынан кейiн окыла ма, әлде үтір намазына дейiн окыла ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Тәһәжжуд намазын үтірден алдын да, үтірден кейін де оқи беруге болады. Мысалы, түнде тұратындығыңызға сенімді болсаңыз, онда құптанды оқып, үтір намазын тахажжудтан кейінге қалдырған жақсы. Ал тұра алмай қалуым мүмкін десеңіз, онда үтірді де оқып жатыңыз. Түнде тұрған жағдайда тәһәжжудты оқи бересіз. Үтірді оқып қоюыңыз оған кедергі емес. Бұған қатысты «Сахих Мүслімде» мынадай хадис риуаят етілген:

 عَنْ جَابِرٍ، قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، يَقُولُ: «أَيُّكُمْ خَافَ أَنْ لَا يَقُومَ مِنْ آخِرِ اللَّيْلِ فَلْيُوتِرْ، ثُمَّ لِيَرْقُدْ، وَمَنْ وَثِقَ بِقِيَامٍ مِنَ اللَّيْلِ فَلْيُوتِرْ مِنْ آخِرِهِ، فَإِنَّ قِرَاءَةَ آخِرِ اللَّيْلِ مَحْضُورَةٌ، وَذَلِكَ أَفْضَلُ»

«Сахаба Жәбір былай дейді: «Мен пайғамбарымыздың (с.а.у.) былай дегенін естідім: «Сендердің қайсыбірлерің түнде тұра алмаймын деп қорықса, үтір намазын оқып, одан соң жатсын. Ал, кім түнде тұратындығына сенімді болса, үтірді түннің ақырында оқысын. Шынында, түннің ақырғы бөлігіндегі оқу – рақым періштелердің қатысуымен болады. Ең абзалы сол»[1].

 "Сахих Мүслім" - №755.
Абдусамат Қасым