«ТЖО»-да істеймін, намазды май-май киіммен оқи берсем бола ма?
«ТЖО»-да істеймін, намазды май-май киіммен оқи берсем бола ма?
3 ай бұрын 6495

Ассаламуғалейкум! Көлік жөндейтін жерде жұмыс істеп жүріп, сол жұмыс киіммен намаз оқыса бола ма? Жұмыс киімі - май-май. Бірақ, намаз оқитын жер таза. Нұрлыбек.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, жұмыс кезінде намазға уақыт айырып, намазды қаза етпей, уақтылы оқуға маңыз аударуыңыз сүйсінерлік нәрсе. Алла сауаптан жазғай!

Ендігі жерде май жұққан жұмыс киіммен намазға тұру мәселесіне байланысты үкімін айтар болсақ, ескі кітаптарда «былғанған киімдермен немесе жұмыс киімдерімен намаз оқу мәкруһ» делінеді[1]. (Бұл жерде «жұмыс киімі» деп көбіне қара жұмысшының киімі айтылып отыр).  

Осыған орай, сізге айтарымыз: май-май киіммен намаз оқудың намазды бұзбайтындығы анық. Бастысы нәжіс жұқпаған болуы шарт. Майдың өзі – нәжіс емес. Сондықтан да, намазыңыз саналады. Дегенмен, ондай киіммен намаз оқудың мәкруһ екендігін де айта кету керек. Сол себепті, мүмкін болып жатса, намаз оқитын сәтте киім ауыстырып барып намазға тұрғаныңыз абзалырақ.


[1] Имам Шүрунбүләли: «Имдәд». 326 бет.

Абдусамат Қасым