Тиләуәт сәждесі мәкрүһ уақытта жасала ма?
Тиләуәт сәждесі мәкрүһ уақытта жасала ма?
11 жыл бұрын 8230

Тиләуәт сәждесі мәкрүһ уақытта жасала ма? Жәмилә Сатыбаева

Құрметті Жәмилә, кісі бұрын оқыған немесе естіген «Тиләуәт сәждесін»[1] мына уақыттарда жасамайды:

1. Күн көкжиектен шығып, найза бойы көтерілгенге дейінгі уақыт ішінде.

2. Күн дәл тас төбеге келгенде. (Шамамен бесін уақытысынан бұрын 40 минут)

3. Күннің қызарып батуға бет алуымен, толықтай батқанға дейінгі уақыт арасында.

Осы үш уақытта ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) намаз оқудан, жаназа шығарудан тыйған. Тиләуәт сәждесі де намазға ұқсас болғандықтан, оны да аталмыш уақыттарда жасауға болмайды.

Бірақ, егер, осы үш уақыттың бірінде тиләуәт сәждесін оқыған болса, немесе естіген болса, онда сол сәтте тиләуәт сәждесін жасауға рұқсат. Сонда да, кейінге қалдырған абзал.

Аталмыш үш уақыттардан өзге кез келген уақытта тиләуәт сәждесін жасауға болады. Мысалы: Таң намазынан кейін; Асыр намазынан кейін (күннің қызарып батуға бет алуына дейін) т.б. [2].

[1] Қосымша мәліметті мына сілтемеден біле аласыз: http://islam.kz/kk/questions/aielge-qatysty/haiyz-uaqytynda-tilauat-sajdesin-estise-ne-isteu-kerek-52/
[2] Әл-Фәтәуә әл-Хиндия – 1/59 бет; Әл-Биная шархул хидая – 2/62 бет.; Ислам ғылымхалы – 128 бет.

Абдусамат Қасым