Ассаламуғалейкум! Таң намазының қазасы дауыстап оқыла ма, іштей оқыла ма? Дәурен.
|
Таң намазының қазасы дауыстап оқыла ма?
|
Уағалейкумуссәләм!
Дауыстап оқылатын намаздың қазасын екі, үш т.б. адам жамағат боп өтеген жағдайда имамдыққа шыққан кісі әдеттегідей бастапқы екі рәкәғатын дауыстап оқиды. Күндіз өтесін, мейлі түнде өтесін дауыстап оқиды. Ал қазаны өз бетінше өтейтін кісінің өз еркі: қаласа дауыстап оқиды, қаласа іштей оқиды. Әйтсе де, дауыстап оқығаны абзал[1]. Іштей оқылуы керек намаздардың қазасы жамағатпен де, жалғыз оқығанда да іштей оқылуы керек.
Сондықтан да, таң намазының қазасын жалғыз өтейтін кезде, оны (яғни, парызын) дауыстап оқуға немесе іштей оқуға еріктісіз. Дауыстап оқығаныңыз абзалырақ.
[1] Әл-Фәтәуә әл-Һиндия: 1/134 бет.
Абдусамат Қасым
Өзекті сұрақтар
■
«Намаз мені тастап кетті» деген сөздің негізі бар ма? Намаз адамды тастай ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?