Таң намазынан кейін ұйықтауға бола ма?
Таң намазынан кейін ұйықтауға бола ма?
1 ай бұрын 9258

Ассаламуғалейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Мен екінші топтағы мүгедекпін. Намазымды қаза етпеуге тырысамын. Жүйке ауры болғандықтан бас кейде қатты ауырады. Таң намазын оқып болып, қайта жатамын. Себебі жатпасам сол басыма салмақ түсіп, қатты ауырады. Сұрағым: Таң намазынан кейін қайта жатуға болмайды деп естідім. Қайта жатуға бола ма?  

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Таң намазын оқып алғаннан кейін қайта жатып ұйықтаудың күнәсі жоқ. Тек, ырзық-несібенің тарылуына алып келуі мүмкін болғандықтан, ғалымдарымыз ұйықтамауға кеңес берген. Өйткені, таң атқаннан, күн шыққанға дейінгі аралықта ырзық-несібе бөлінетіндігі хадистерде айтылады.

Деректерге қарағанда, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) таң намазын оқып болғаннан кейін сүйікті қызы Фатиманың үйіне кіреді. Кірсе қызы ұйықтап жатыр екен. Қызын оятып жатып:   

«Қызым, тұр! Раббыңның ризық-несібесіне куә бол! Ғапыл адамдардың қатарынан болма. Шынында, Алла Тағала адамдардың ризық-несібесін таң атқаннан, күн шыққанға дейінгі аралықта бөледі», - деп ескерткен. [Имам  Бәйһақи].

Тағы бір хадисінде: " نوم الصبح يمنع الرزق " деген. Оның мағынасы:аңғы ұйқы - ризыққа кедергі!". [Имам Ахмед].

Сондықтан да, мүмкін болса таң намазынан кейін ұйықтамай тәспі тартып, Құран оқыған мұстахаб (ұнамды). Бірақ, ұйықтаған адамға да күнә жоқ.

Абдусамат Қасым