Таң намазын ерте оқуға бола ма?
Таң намазын ерте оқуға бола ма?
8 жыл бұрын 48166

Сәлеметсіз бе! Таң намазын ерте оқуға бола ма? Сандуғаш

Сәлеметсіз бе! Намазды уақытында оқу – парыз. Құран Кәрімде: «Өйткені, намаз мүміндерге белгілі уақытта парыз етілді», - делінген[1].  

Сондықтан да, таң намазын уақытынан бұрын оқуға болмайды. Уақытынан бұрын оқылған намаз нәпіл намазға есептеліп, парызды өтегенге саналмайды. Асығып тұрған болсаңыз уақыт кірген мезетте оқып алыңыз.

Және де таң намазының уақыты күн шыққанға шейін жалғасады, сол аралықта таң намазын өтеу мүмкіндігі бар.  


[1] Құран Кәрім, Ниса сүресі, 103 аят. 

Абдусамат Қасым