Ассалаумағалейкум, тан, шам, иша намаздарын толык іштей окыса бола ма?
|
Таң, ақшам және құптан намаздарын іштей оқи берсе бола ма?
|
Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Дауыстап оқылатын аталмыш намаздарды жалғыз өзі оқитын мұсылман, іштей сыбырлап оқыса бола береді, дауыстап оқуы шарт емес. Дауыстап оқимын десе де өз еркі.
Ал жамағатпен оқыған кезде имам боп тұрған кісі аталмыш намаздардың алғашқы екі рәкәғатын дауыстап оқиды, қалған рәкәғаттарын дауыстамай өзінше оқиды.
Өзекті сұрақтар
■
Сәресіге тұрмай ораза ұстай берсе бола ма?
■
Үйдегі адыраспанның тұтатқаннан кейінгі иісі оразаны бұзбай ма?
■
Оразада «капельница» арқылы антибиотик салдыруға бола ма?
■
«Ораза ұстаушының ұйқысы құлшылық болып саналады» деген хадис бар ма?
■
Рамазанда жарысқа баратын едім. Қандай жеңілдігі бар? Сол күні оразаға ниет етпесем бола ма?