Ассаламуғалейкум! Біздің мешіт арнайы мешіт ретінде салынбаған. Бұрын шайхана, сыра сататын дүкен болған-тын. Тіпті аталмыш ғимарат ішінде адам өлімі де болған деседі. Соны кейін халық мешітке айналдырған. Алайда, осыны сылтау қылып әркім: «бұл қалай мешіт болмақ? Бұрын сырахана еді, енді мешіт болағапты, адам да өлген бұл жерде, мұндай жерді мешіт етуге болмайды ғой», – деген сияқты әр түрлі пікір айтылып жүр. Осыған не дерімізді білмей қиналамыз. Шариғатта бұл жайында не делінген? Халыққа не деп жауап берсек болады? Нұржан Жұмадилов.
|
Сырахананы мешіт етсе, болмай ма?
|
Уағалейкумуссалам уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Әбу Дәуідтің "сүнәнінда" (хадис жинағы) келтірілген бір хадисте сахаба Осман ибн Әбуль Ъас (р.а.) былай дейді:
«Пайғамбарымыз (с.ғ.у.) мүшриктердің бұрынғы пұтханаларын мешітке айналдыруды бұйырған еді»[1].
Бұл хадис бұрын сырахана болған ғимаратты кейіннен мешітке айналдыруға рұқсат екендігін көрсетеді. Ендеше, бұрынғыны еске алып, мешіттеріңіздің қазіргі халіне күмәнмен қарау дұрыс емес.
[1] Әбу Дәуід, Бәбу фи бинә-иль Мәсжид - №450 хадис.
Өзекті сұрақтар
■
«Ораза ұстаушының ұйқысы құлшылық болып саналады» деген хадис бар ма?
■
«Ұрттап қойған едім, ораза ұстай алам ба?»
■
Рамазанда жарысқа баратын едім. Қандай жеңілдігі бар? Сол күні оразаға ниет етпесем бола ма?
■
Әйел адамның күйеуінің рұқсатынсыз оқыған «нәпіл намазы» қабыл болмай ма?
■
Тарауих намазы қалай оқылады?
Көп оқылғандар