Әссәләмуғалейкум! Осы шіркеуде намаз оқуға бола ма? Жанболат Ахмет
Шіркеуде намаз оқуға бола ма?
|
Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ислам ғұламаларының көпшілігі шіркеуде намаз оқуды мәкруһ санаған. Соның ішінде Ханафи ғұламалары да бар. Ханафи ғалымдары шіркеуде намаз оқуды «харамға жақын мәкруһ» деп есептейді[1].
Әйткенмен, зәру жағдайларда шіркеудің таза әрі мүсін-сурет жоқ жерлерінде намаз оқудың еш ағаттығы жоқ дейтін Ислам ғалымдары да жоқ емес. Әсіресе, мешіттен гөрі шіркеулер көп орналасқан елдерде намаз оқитын жер таппай қиналған мұсылман үшін бұл жеңілдік. Риуаяттарға қарағанда сахаба Әбу Муса Әшғари (р.а.) Дамаск қаласында болғанда шіркеуде намаз оқыған екен. Және Имам Бұхаридің хадистер жинағында келтірілген риуаятта "сахаба Абдулла ибн Аббас шіркеуде намаз оқитын, бірақ мүсін бар шіркеуде оқымайтын" делінген[2].
Ал, мешітте немесе басқа ыңғайлы жерлерде оқу мүмкіндігі бола тұра арнайы шіркеуге барып намаз оқу дұрыс емес.
[1] Ибн Ғабидин: Раддуль мухтар.
[2] Сахих Бухари: Бәбус Саләти филь Биъаһ.