Шаш көрініп тұратындай селдір орамал тағып, намаз оқыса бола ма?
Шаш көрініп тұратындай селдір орамал тағып, намаз оқыса бола ма?
1 ай бұрын 1066 фото: evatex37.ru

Ассаляму алейкум, ұстаз! Намаз оқып жатқанда шаштың көп білігі орамалдан просвечивать етіп көрініп тұрса, намаз бұзыла ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы!

Шариғат талаптарына сай киім үлгісінің бір ерекшелігі – дене ағзаларын сыртқа паш етіп тұратындай жұқа болмауы тиіс. Мысалы, марля материалы соған мысал бола алады. Алайда, мұндай орамалдарды қабаттап тағып, оның тығыз болуын қамтамасыз етсе, онымен оқи береді. Мақсат – намазда жабылуы керек ағзалардың жабық, көрінбей тұруы. Тоқ етерін айтқанда: селдір орамал немесе жұқа селдір көйлек намазға жарамсыз, алайда ішінен немесе сыртынан басқа нәрсе киілсе, жарамды.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым