Сәһу сәждені әдейі жасамаса, намазды қайта оқи ма?
Сәһу сәждені әдейі жасамаса, намазды қайта оқи ма?
7 жыл бұрын 6270

Әссәләмуғалейкум! Намазда уажипті ұмытып тəрк етіп бірақта саху саждесің адейі жасамаса намазды қайта оқу керекпе? Анон

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Намаздың уәжібін тәрк ету сәһу сәждені керек еттіретін себептердің бірі. Мұндайда намаз соңында сәһу сәждесін жасау уәжіп болады. Әйтсе де, әдейі сәһу сәждесін жасамау намазды бұзбайды, соның үшін қайта оқудың қажеті жоқ. Дегенмен, әдейі жасамағаны үшін күнә бар[1].   

Сәһу сәждені үш жағдайда әдейі жасамауға рұқсат:

1.Таң намазының соңында аттахияту оқып, сәлем бергеннен соң күн шығып кетсе

2. Күн батуға таяғанда (мысалы асыр намазын оқып тұрғанда)

3. Намаз соңында сәлем бергеннен соң намаз бұзатын әрекеттердің бірі туындаған болса, сол күйінше сәһу сәждесі орындалмайды.  Атап айтсақ, сәлемнен кейін дәрет бұзылса, күлсе, сөйлесе, тамақ жесе т.б. Намазды қайта оқудың қажеті жоқ[2].  

«Сәһу сәждесін керек еттіретін жағдайлар жайында мына сілтемеге кіріп оқи аласыз:  http://islam.kz/kk/questions/qulshylyq/namaz/sahu-sajdesi-qai-jagdailarda-jasalady-260/ 

[1] Абдурахман әл-Жәзәйри: әл-Фиқһ аля мәзәһибиль арбаа
[2] Шүрунбүләли: Имдәд – 483 бет. 

Абдусамат Қасым