Қаза намазынан кейін тәспі тартыла ма?
Қаза намазынан кейін тәспі тартыла ма?
5 ай бұрын 3125

Ассалаумағалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Қаза намаздан кейін Аят-Әл-Күрси оқып, тасбих тарту деген бар ма? Әлде ол тек уақытында оқылған намазға ғана қатысты ма? Берікбай Сырым.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, қаза намазын оқып болғаннан кейін әдеттегідей тәспі тарту үрдісі қалыптаспаған. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Хандақ» соғысында қаза болған төрт намазды сахабалармен өтеген кезінде, оларды қатарынан өтеп, арасында тәспі тартпаған еді. Осыдан да, қаза намазынан соң тәспі тартылмайды деген болжамға келуге болады. Десе де, қаза намазынан кейін тәспі тартып жатсаңыз, оның артықшылығы жоқ екендігін де айта кету керек, сондықтан да, қаза намазынан кейін тәспі тарту не тартпауда еріктісіз. Қаза намазынан кейін де тәспі тартам десеңіз, бір дегеннен бірнеше қаза намаз өтейтін кезде әрқайсысының соңында тәспі тарту шарт емес, бәрін оқып болып бір-ақ тәспі тартсаңыз болады.

Еске сала кетсек, бес уақыт намаздың соңыңда "аятуль курсиді" оқып, артынан "сүбханаллаһ" деп отыз үш рет, "әлхамдулилләһ" деп отыз үш рет және "Аллаһу әкбар" деп отыз үш рет айту сүннет, сауапты іс, оны бір сөзбен қазақша "тәспі тарту" деп атаймыз. 

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Уә ахиру даъуәнә әниль хамду лилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым