Пайғамбарымыз (с.а.у.) тек тақуа адамның ғана түсіне кіре ме? Діндар емес мұсылманның түсіне кіруі мүмкін бе?
Пайғамбарымыз (с.а.у.) тек тақуа адамның ғана түсіне кіре ме? Діндар емес мұсылманның түсіне кіруі мүмкін бе?
5 сағат бұрын 103

Пайғамбарымыз (с.а.у.) тек тақуа адамның ғана түсіне кіре ме? Діндар емес мұсылманның түсіне кіруі мүмкін бе?

Әлхамдулилләһ, уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у.) түске енуі қуанышты жағдай және әркімнің түсіне ене бермейтіні де шындық. Алайда, тек тақуа кісілердің ғана түсіне емес, тақуа емес мұсылманның да түсіне кіруі бек мүмкін дейді дін ғалымдары. Мысалы, ғұлама Имам Нәуәуи (Алла рахымына алсын): «Пайғамбар (с.а.у.) салиқалы адамның түсіне де, салихалы емес адамның түсіне де кіреді» деген1. Бірақ, әрине, әркімнің жүрегінің ақтығына қарай және дінге беріктігіне қарай әртүрлі келбетте көрінуі мүмкін. Мәселен, біреуге жылы жүзбен, күлімсіреп көрінсе немесе ілтипат білдірсе, ол түс көрушінің ықыласты, жүрегінің таза екендігін білдіреді, ал егер ренжулі болса немесе түріне қарамай теріс қараса, танымаса, онда көрушінің ықыласының аздығы, не болмаса, салауатты аз айтатындығы деген сияқты мағыналарды білдіруі мүмкін. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!


1Имам Нәуәуи: «Фәтәуә».

Абдусамат Қасым