Әссәләмуғалейкум! Құрметті сайт ұжымы, мені мазалап жүрген мәселелердің бірі «құран тыңдауға» қатысты. Жұма күндері намаздан бұрын Құран оқылып жатады. Біз кейде тыңдаймыз, кейде тыңдамаймыз. Сосын намаздан кейін құран оқылғанда да, кейде асығып кетіп қаламыз. «Құран оқылғанда тыңдаңдар» делінгендігін естігенім бар. Тыңдау парыз ба? Тыңдау парыз болса, шұғыл шаруасымен кетіп бара жатқан адам және басқалай тыңдауға мүмкіндігі болмайтын адамдарға күнә жазылады ма? Рахматулла.
Оқылып жатқан Құранды тыңдау парыз ба?
|
Уағалейкум әссәләм! Құранды тыңдаудың үкімі - «парыз кифая». Бұл дегеніміз, Құран оқылып жатқан жерде тыңдаушылар табылып жатса, өзгелердің мойнынан түседі деген сөз. (Раддул мухтар - 2/268 бет).
Әйтсе де, мүмкіндігінше оқылып жатқан Құранға құлақ түріп тыңдаған жақсы. Бұл бір шетінен парызды орындағандық, екіншіден сауап. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) Құранды тыңдаған адамға сауап жазылатындығына ишара еткен.
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар
■
Хатым Құранды соңына дейін қалай аяқтауға болады, екі-үш парадан кейін тастап қойып жатырмын?
■
Қайтыс болған адамның қырқын қалай есептейді: жамбасы жерге тиген күннен бастап па, әлде қайтыс болған күннен бастап па?
■
Халал ақша бар төлем картасына харам ақша араласса, ол картаны қолдануға бола ма?
■
Темекіге жіберсе, баруға бола ма?