Намаздың соңында сәлем берместен тұрып кетіп қалса, намазы санала ма?
Намаздың соңында сәлем берместен тұрып кетіп қалса, намазы санала ма?
2 жыл бұрын 7497

Әссәләмуаләйкүм! Намаз оқу барысында сәлем берместен, намазды аяқтамастан тұрып (жұмыстарына) кетіп қалу дәретті бұза ма? Ғани Тұрысбекұлы

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, Ханафи кітаптарында «намаз бұзатын іс-әрекет жасау арқылы намаздан шығу» деген ереже бар. Бұл - намаздың соңында «әттәхият» дұғасын оқып болғаннан соң намаз бұзатын бір әрекет жасап намаздан шығуды білдіреді. Мұндай кісінің намазы саналады, бастысы соңғы отырысқа «әттахият» дұғасын оқитындай уақыт отырған болуы шарт. Бірақ, намаздың уәжібі болып саналатын «екі жаққа сәлем беру» уәжіп амалын тәрк еткені үшін де «тәхриман мәкруһ» істеген болады[1].  

Сондықтан да, сіздің жағдайда намазыңыз дұрыс. Ұмытып кетіп сәлем бермей орныңыздан тұрып кетсеңіз, намазыңыздың негізгі парыздары орындалғандықтан намаз саналады, бастысы – соңғы отырыста «әттәхият» отырысына отырған болуыңыз керек. Өйткені, намазда «әттәхият» дұғасын оқитындай мөлшерде соңғы отырысқа отыру парыз. Оған дәрет бұзылмайды.


[1] Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр». 3/165 бет.

Абдусамат Қасым