Намаздың бірінші рәкәғатында оқыған сүрені, екінші рәкәғатында қайталап оқыса бола ма?
Намаздың бірінші рәкәғатында оқыған сүрені, екінші рәкәғатында қайталап оқыса бола ма?
2 жыл бұрын 5597

Намаздың бір рәкәғатында оқыған сүрені, екінші рәкәғатында да оқыса бола ма?

Әсілі намаздың әр рәкәғатында бөлек-бөлек сүре оқығаны жөн. Дейтұрғанмен, намаздың бірінші рәкәғатында «Фатиха» сүресінен кейін оқыған қосымша сүрені, екінші рәкәғатта да қайталап оқығандай болса, мұның әбес тарапы жоқ. Мысалы, бірінші рәкәғатта «Фәтиха» сүресінен соң, «Кәфирун» сүресін оқыған кісі, келесі рәкәғатта «Фәтиха» сүресінен кейін қайтадан «Кәфирун» сүресін оқыса, оның намазға зияны жоқ. Рұқсат амал. Риуаяттарға қарағанда, Алла елшісің де (с.а.у.) кейде бірінші рәкәғатта оқыған сүрені, екінші рәкәғатта қайталап оқыған кездері болған[1].

Және, мысалы, намаздың бірінші рәкәғатында «Фәтихадан» кейін Құранның соңғы сүресі болып саналатын «Нәс» сүресін оқыған кісі, екінші рәкәғатта да Фәтихадан кейін «Нәс» сүресін қайталап оқиды делінген[2].


[1] Әбу Хуәйрастан жеткен риуаятта былай делінеді: «Ол (с.а.у.) ақшам намазында «Үммуль Құранды» (Фәтиханы) оқып, қосымша – «Изә зилзәләтиль Арду»-ды («Зилзәләны») оқыды. Одан кейін (екіншіге) тұрып, «Үммуль Құранды» және оған қосып, «Изә зилзәләтиль Арду»-ды («Зилзәлә» сүресін) оқыды». (Әбу Дәуід, «Сүнән»).
[2] Имам Бәдруддин әл-Айни: «әл-Биная Шәрхуль Һидая». 2/311 бет.

Абдусамат Қасым