Намаздағы күлкі намазды бұза ма? Қандай күлкі намазды бұзады?
Намаздағы күлкі намазды бұза ма? Қандай күлкі намазды бұзады?
10 жыл бұрын 27126

Ассаламуалейкум!  Намаз оқып тұрып күлген кезде, намаз бұзыла ма? Тарқатып айтып берсеңіздер! 

Уағалейкум әссәләм! «Намаздағы күлкі» мәселесі үш түрге бөлініп зерттеледі:

  1. Тек өзіне ғана естілетіндей күлу (ضحك).
  2. Өзіне де, қасындағы адамға да естілетіндей күлу (قَهْقَهَ ).
  3. Тек жымию. (إِبْتِسَامٌ)

Бірінші жағдайда намаз ғана бұзылады, дәрет бұзылмайды. Дәлірек айтқанда, дәретті жаңаламастан намазын қайтадан оқиды.

Екіншісінде, намазы да, дәреті де бұзылады. 

Үшіншісінде, намазы да, дәреті де бұзылмайды[1].

Сахаба Әбу Муса Ашъаридің айтуы бойынша, сахабалар Пайғамбарымызбен (с.а.у.) бірге жамағат болып намаз оқып тұрғанда, көзінде ақауы бар бір кісі мешітке кіріп, ондағы шұңқырға түсіп кетеді. Сол мезетте намазда тұрған бірнеше адам шыдай алмастан күліп жібереді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.) күлген кісілерге дәрет алдыртып, намаздарын қайта оқуларын бұйырған екен[2].


[1] Хидая, Науақыду әл-уду. 35-бет.; Фатху Бәбил Ъиная. 1/49 бет. 
(Бұл үкімнің тиляуат сәждесі мен жаназа намазына қатысы жоқ.)
[2] Табаранидің хадистер жинағында келтірілген. Әз-Зайлаъи - Насбур риуая. 

Абдусамат Қасым