Намазды ерінді жыбырлатпай іштей оқыса, намаз дұрыс бола ма? Азат Бұхаралиев
|
Намазда сүрелерді тіл мен ерінді қимылдатпай ойша оқыса, намаз дұрыс бола ма?
|
Намазда сүрелерді дауыстап оқудың мөлшері - өзге адам еститіндей (кем дегенде бірінші саптағылар еститіндей) болуы керек. Ал, іштей оқудың мөлшері – өзі еститіндей болуы тиіс делінген кітаптарда. Сондықтан да, намазды іштей оқитын кісі намаз сүрелері мен дұғаларын өзі ести алатындай сыбырлап, тіл мен ерінді қимылдату арқылы әріптерді орын-орнымен шығарып оқиды. Тіл мен ерінді қимылдатпастан ойша оқу – оқыған боп саналмайды. Ол - пікірлеумен тең. Пікірлеу – оқу емес.
Өзекті сұрақтар
■
Физиогномиканың Исламдағы үкімі қандай?
■
Әйелім баптист дінінде екен. Некеміз не болады?
■
Сәжде аятын қазақша мағынасынан оқыса да сәжде жасау керек пе?
■
Біреудің сәлемін алғанда, естірмей жауап берсе бола ма, әлде естіру керек пе?
■
«Шот-фактураға» артығымен көрсетіп, артығын өзім алсам бола ма?»