Намазда рүкүғ жасамай, бірден сәждеге барған жағдайда не істеу керек?
Намазда рүкүғ жасамай, бірден сәждеге барған жағдайда не істеу керек?
5 жыл бұрын 7790

Әссәләму алейкум уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһ! 

Төрт рәкәғаттық парыз намаз оқығанда 1-ші рәкәғатта рүкуғ жасамай бірден сәждеге кеткен жағдайда қалай болады? Рүкүғым қалып қойды. Оны намаздың екі, үш немесе төрт рәкәғаттарында артық жасап толықтырсам бола ма? Нұрлыбек Сабырғалиев.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! 

Намазда рүкуғ жасауды ұмытып, бірден сәждеге кетіп қалған кісі, онысын сәждеде есіне түсірсе, қиямға қайта тұрып (қырағатсыз) рүкүғ жасайды, одан кейін қайтадан сәждені қайталап орындайды. Өйткені екеуінің арасындағы сақталуы тиіс тәртіп бұзылғандықтан жасалған сәжде де жоққа есептеліп, қайтадан орындауды қажет етеді. Намаз соңында сәһу сәждесі жасалады. [1].


[1] Ибн Нүжейм: әл-Бахрур-Раиқ - 1/520 бет. 

Абдусамат Қасым