Әссаламу алейкум! Намазда оң жаққа сәлем бергеннен кейін дәрет бұзылса, намаз аяқталған болып есептеледі ме? Әлде қайтадан оқу керек пе? Қазбек
|
Намазда оң жаққа сәлем берген кезде дәрет бұзылса, намазды қайта оқу керек пе?
|
Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Бірінші сәлемнен кейін дәрет бұзылса, намаз дұрыс. Намазды қайта оқудың қажеті жоқ. Өйткені, оң иыққа берілетін бірінші сәлем - намаздың аяқталғандығын білдіреді. Мысалы, намазда дауыстап күлген кісінің дәреті бұзылады делінген. - Алайда, ол бірінші сәлемнен кейін күлген болса, дәреті бұзылмайды. Себебі, бірінші сәлем беру арқылы намаздан шыққан болып тұр. Мұнда да солай. Оның үстіне Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мынадай бір сөзі бар:
«Егер, бір кісі дәретін намаздың ақырғы отырысына отырғаннан соң сәлем бермей жатып бұзса, оның намазы дұрыс»[1].
[1] Тирмизи - №408.
Өзекті сұрақтар
■
Ваннаға «су толтырып» ғұсылданса, ғұсыл санала ма?
■
Үзір иесі намаз оқып жатқанда уақыт шығып кетсе, не істейді?
■
Контробандалық жолмен тауар алып келіп сатудың Исламда үкімі қалай?
■
Пайғамбарды түсінде көрген адамдар да «сахаба» болып есептеле ме?
■
Жатыр түтігін байлату: шариғат бұған не дейді?