Намазда имам қайтыс болса, намаз бұзыла ма?
Намазда имам қайтыс болса, намаз бұзыла ма?
2 жыл бұрын 2943

Намазда имам кайтыс болса, Ханафи мәзхабында намаз бұзыла ма?

Ханафи мәзхабы бойынша, намаз өткізіп тұрған имам намаз үстінде қайтыс болса, намаз бұзылады. Ондайда жамағат намазды қайта оқиды. Өйткені, намаздағы имамның қайтыс болуы - намазда дәреттің бұзылуы жағдайымен тең емес, сол себепті орнына біреу шығып, келген жерден толықтырып оқып кете алмайды.

Имамның дәреті бұзылғанда, орнына біреуді өткізу амалын шариғатта «истихләф» деп атайды. Истихләф амалы - имамның дәреті әдеттегідей әрі еріксіз бұзылғанда іске асырылады. Ал, мысалы, имам талып қалса, жынданып кетсе немесе имам қайтыс болса, орнына адам өтпейді, өйткені бұл жағдайлар «дәреттің дағдылы бұзылу жағдайларына жатпайды», сол себепті намаз бұзылып, қайта оқылу керек1.


1Бәдруддин әл-Айни: «әл-Биная».

Абдусамат Қасым