Мұхаррам айының бірінші түнінде оқылатын екі рәкәғат намаз бар дейді, сол рас па?
Мұхаррам айының бірінші түнінде оқылатын екі рәкәғат намаз бар дейді, сол рас па?
4 жыл бұрын 6523

Ассаляму алейкум ! Сұрағым: Мұхаррам айының бірінші түнінде екі рәкәғат намаз оқылады дейді: Әрбір рәкәғатында Фатиха 7 рет, аятуль курси 7 рет және ықылас сүресі 7 рет оқылады екен. Осындай намаз түрі шариғатта бар ма?  Амина.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, Мұхаррам айының бірінші түні оқылатын арнайы нәпіл намаздың бары жайында сенімді деректерде мәлімет кездеспеген. Әйткенмен, Мұхаррам айы берекелі айлардың бірі саналатындықтан бұл айда жиі нәпіл оразалар ұстап[1], қаза намаздары барлар, қаза намаздарын өтеп тұрса болады. Одан бөлек, хадистерде көрсетілген «Дұха», «Әууәбин», «Тәһәжжуд» сияқты нәпіл намаздарды да мүмкін болса, оқып жүрген сауапты. Әсіресе, Мұхаррамның оны күні келетін «Ашура» күні ораза ұстаудың сауабы мол[2].

«Ашура» күніне қатысты толығырақ мына сілтемеге кіріп оқи аласыз:


[1] Хадис: «Ораза үшін Рамазаннан кейінгі ең қайырлы ай – Алланың айы Мұхаррам». («Сахих Мүслім»).
[2] Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) Ашура күнгі ораза жайында сұрағанда, Ол (с.а.у.): «Одан алдыңғы жылғы жасаған (кіші) күнәлары кешіріледі деп Алладан үміт етемін», – деп жауап берген. («Сахих Мүслім»).

Абдусамат Қасым