«Мұғаліммін, Жұма намазына бара алмай жатырмын. Дінде жеңілдік бар ма?»
«Мұғаліммін, Жұма намазына бара алмай жатырмын. Дінде жеңілдік бар ма?»
1 жыл бұрын 5437 Фото: almaty.tv

Ассалаумағалейкум! Жоғарғы оқу орнында оқытушы болып жұмыс жасаймын. Жұма күні, жұма намазы болатын уақытта сабақ қойып қойған. Сол себепті қазір 3 апта болды жұма назына бара алмай жатырмын. Сабақтарым желтоқсан айында бітеді сосын жұма намаз барамын. Сұрайын дегенім, жұма намаз уақытында бесін намазын оқып жүрмін жұмыста, сол жасай берсем дұрыс ба?

Әлхамдулилләһ. Уассәләту уәссәләму аля Расулилләһ. 

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! 

Ескілікті кейбір Ханафи ғалымдары: «Жұмысшы адам – жұма намазы мен жамағат намазына тек жалдаушының рұқсатымен бара алады» деген1. Сондықтан да, егер басшылық жұмаға жібермей жатса немесе орныңызға адам қалдырып кетуге мүмкіндігіңіз болмай жатса, иншаАлла, сіз үшін жұмаға бармауға рұқсат, оның орнына бесін намазын оқисыз. Өйткені, өрт сөндіргіш, ота жасаушы дәрігер немесе сабағы дәл жұмаға тура келетін мұғалім сияқты жауапты маман иелерінің қауырт кездерінде жұмаға бармаулары үзір саналады. Аллаһу аъләм. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


1«әл-Фәтәуә Аз-Заһирия». Махмуд ибн Сүлейман ал-Ханафи әр-Руми: «Аъләмуль Ахиәр». 1/330 бет.; Мәхмуд ибн Ахмед ибн Мәзә: «әл-Мухыйтуль Бурһании». 3/87 бет.

Абдусамат Қасым