Мәйіттің қолына тырнақ жабыстырылған екен, денесін жуарда оны алып тастау керек пе?
Мәйіттің қолына тырнақ жабыстырылған екен, денесін жуарда оны алып тастау керек пе?
4 ай бұрын 1339

Әссаламуалейкум! Құрбымның бір туысы қайтыс болып еді, жуындырайын десе қолына тырнақ жабыстырып алған екен, оны қалай алуға болады?

Бисмилләһир рахманир рахим

Мұсылман мәйіттің денесін жуу парыз кифая. Әйел мархұмның денесін әйел адам, ердің денесін ер адамдар жуады. Қайтыс болған ер адамның денесін өзінің некелі жары жуса болады, алайда қайтыс болған әйелінің денесін күйеуі жуа алмайды.

Мәйіттің қолына жабыстырылған жасанды тырнағын және жабыстырылған жасанды кірпіктерін арнайы косметикалық сұйықтықтардың көмегімен алып тасталу керек. Өйткені, оны алмай мәйіттің ғұсылы толық болмайды, өйткені соңғы сапарында денесін жуу да ғұсыл болып есептеледі, ал ғұсылда дененің бір жеріне су тимесе, ғұсыл толық болып есептелмейді. Бірақ, өсіп кеткен тырнағын, түктерін, сақал, мұртын, шашын т.б. бойындағы табиғи артық нәрселері алынбайды, сол күйінше жер қойнауына тапсырылады.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Уә ахиру даъуәнә әниль хамду лилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым