Әссәләмуғалейкум! Мәйітті жуындыру кезінде тәспих немесе Құран оқуға бола ма? Мәйітті Құран оқып тұрып жууға бола ма? Біләл.
|
Мәйітті жуындыру кезінде Құран оқып тұруға бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Мәйітті жуындыру кезінде қасында Құран оқып тұруға болмайды. Мәкруһ болады. Бірақ, мәйіттің қасында дұға айтса болады. Мысалы, сүйекке кірген кісілер «мәйітті жуу міндетін» атқаруға алдымен іштей ниет етеді. Сосын «бисмилләны» айтып бастайды. Және де жуып болғанға дейін «Ғуфронәкә, Йә Рахман!» деген сөзді қайталап тұрады. (Мағынасы: Сенің кешіріміңді тілеймін»).
Жалпы ереже бойынша, жуылмаған мәйіттің жанында Құран оқу мәкруһ саналған. Алайда мәйіттің жанында емес, өзге бөлмеде оқылатын болса немесе мәйіт жуылып және кебінделіп болғаннан кейін жанында оқылса мәкруһ болмайды.
Өзекті сұрақтар
■
Үзір иесі намаз оқып жатқанда уақыт шығып кетсе, не істейді?
■
Контробандалық жолмен тауар алып келіп сатудың Исламда үкімі қалай?
■
Пайғамбарды түсінде көрген адамдар да «сахаба» болып есептеле ме?
■
Жатыр түтігін байлату: шариғат бұған не дейді?
■
Шаш татуажын (трихопигментация) жасатуға бола ма?