Күн шығуға 10 минут қалғанда таң намазын оқуға бола ма?
Күн шығуға 10 минут қалғанда таң намазын оқуға бола ма?
1 жыл бұрын 18803

Күн шығу уақытына он минут қалғанда таң намазын оқуға бола ма?

Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля расулилләһ.

Құрметті сауал жолдаушы, таң намазының уақыты - күн шыққанға дейін жалғасады. Демек күн шыққанға дейінгі аралықта таң намазын оқып үлгерсе, уақытында оқыған болып саналады. Сондықтан да, күн шығу уақытына он минут қалған болса да таң намазына ниет етіп, оқып алған дұрыс. Тіпті бес минут қалса да парызына ниет етіп, намазды уақытында оқып үлгерген жөн, парызын болса да уақытында оқып үлгеру - оны қаза еткеннен артық.

Бірақ айта кету керек, егер таң намазын оқу барысында күн шығып кетсе, намаз бұзылады, кейін қазасын өтеу керек. Қазасы - сол күнгі бесіннің уақытына дейінгі аралықта өтелген жағдайда сүннетімен қосып өтеледі. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

 

Абдусамат Қасым