Ассаламу алейкум! Бір кедей кісіні бай бір кісі ақшасын төлеп қажылыққа жіберсе, содан кейін кедейге мал бітіп байыса, оған қайтадан қажылық ету міндет бола ма мойнына?
|
Кедей кезінде біреудің ақшасымен қажылыққа барған кісі, байығаннан кейін қайта қажылыққа баруы керек пе?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Бір мұсылман тұрмысы төмен болса да біреуден қарыз алып немесе біреудің жәрдемімен қажылыққа барып, қажылық парызын өтеп келсе, ол кісінің қажылық парызы өтелген болып, мойнынан түседі, кейіннен байып жатса да қайта қажылыққа баруы қажет емес. Нәпіл қажылыққа барам десе өз еркі.
Осы орайда айта кетелік, қажыға бару парыз болуы үшін ең басты шарттарының бірі – қалтасы көтеретіндей қаржысы және өзі оралғанша отбасысы ашығып қалмайтындай нәпақа қалдырған болуы тиіс. Тұрмысы төмен мұсылманға қажылыққа бару парыз емес.
Ең дұрысы – Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Көп оқылғандар
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
ИСА ПАЙҒАМБАРДЫҢ (Ғ.С.) КӨКТЕН ЖЕРГЕ ТҮСКЕННЕН СОҢ ҮЙЛЕНЕТІНІ РАС ПА?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?
■
Әртүрлі тақырыпқа қатысты үш сұрақ