Жұма күні сүннет оқып жатқанда құтпа басталып кетсе, не істеу керек?
Жұма күні сүннет оқып жатқанда құтпа басталып кетсе, не істеу керек?
2 ай бұрын 1755

Жұма күні сүннет оқып жатқанда құтпа басталып кетсе, не істеу керек?

Жұма күні алғашқы сүннетті оқу барысында имам Жұма құтпасын бастап кетсе,

    • Ханафи ғалымдарының біразы «ол жағдайда сүннетті толық оқып, аяқтайды» десе,
    • Ғалымдардың біраз бөлігі «сүннетті екі рәкәғатқа толтырып аяқтайды» деген. Бұған қарағанда қалған екі рәкәғатын жұманың парызынан кейін оқып тәмәмдайды. Бұл екі амалдың қайсысын істесеңіз де қате емес.
    • Бұл айтқандарымыз - сүннеттің үшінші рәкәғатына бастамаған кісіге қатысты, ал үшінші рәкәғатын оқып жатқан сәтте құтпа басталса, оқып бастаған сүннетін төртке тәмәмдап аяқтағаны дұрысырақ1.

1Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр». 507 бет.

Абдусамат Қасым