Жұма күні намаздан бұрын жолға шығуға бола ма, әлде жұмаға қатысып, одан соң шығу керек пе?
Жұма күні намаздан бұрын жолға шығуға бола ма, әлде жұмаға қатысып, одан соң шығу керек пе?
6 жыл бұрын 8099

Асаламуғалейкум! Жұма күні жолға шығуға бола ма? Әлде жұмаға қатысып, одан соң шығу керек пе?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ханафи мәзхабы бойынша, Жұма күні «зәуәл уақытысына дейін» жолға шығудың ағаттығы жоқ. Өйткені, Пайғамбарымыздың жұма күні «сәске» уақытта (дұха) жолға шыққандығы риуаятта айтылған[1].

Ал, зәуәл уақытысынан кейін жолға шығуды көпшілік ғалымдарымыз рұқсат десе[2], кей Ханафи ғалымдарымыз зәуәл уақытынан кейін жұма намазын оқымай жолға шығуы «харамға жақын мәкруһ» деген. Бұған қарағанда, зәуәл уақытысынан кейін шығатын мұсылман жұманы оқып одан кейін шығуы керек[3].

Зәуәл уақыты дегеніміз, күннің тас төбеге келіп, батысқа қарай ауа бастаған сәт. Бұл кезде бесін уақыты кіреді.


[1] Абдурраззақ ас-Санаъани: әл-Мусаннаф, №5540 хадис. Зуһриден жеткен бұл риуаятта былай делінеді: «Пайғамбарымыз жұма күні сәске уақытында (духа) намаздан бұрын жолаушы болып шыққан еді».
[2] Зәуәлден кейін рұқсат дейтін ғалымдардың өзі былай дейді: бесін уақыты шығып кетпей тұрып, қаладан шығып кететініне сенімді болса ғана рұқсат,  ал, бесіннің уақыты шығып кетпей тұрып қаладан шығатынына сенімді болмаса, жұма намазын оқып, одан кейін шығуы керек. (Фәтәуә әт-Тәтәрхания – 2/60; Шарху Китабус сайриль кәбир 1/49 бет. ).
[3] Ибн Ғабидин: Раддуль Мухтәр. 3/40 бет.

Абдусамат Қасым