Жолаушының намазына қатысты екі сұрақ
Жолаушының намазына қатысты екі сұрақ
20 күн бұрын 1056

- Алматыдан басқа елге қонаққа 15 күннен артық қонамын деп ниет етіп едім. Тұрғын ретінде намазымды қысқартпай екі күн оқыдым. Сосын 10 күннен соң кететін болып шештім. Мен сапардағы адам болып саналамын ба? 

- Сіздің жағдайда бастапқы жасаған ниетіңіз, яғни, 15 күннен аса уақыт қалуды ниет етуіңіз, аталмыш елді-мекеннен шыққанға дейін бұзылмайды. Сондықтан да, қонақ болып келген елді-мекеннен кеткенге дейін намазды қысқартпай толық оқи бересіз. Аллаһу аъләм. 

- Егер жолаушы бір қаладан екінші бір елді мекенге жол тартса, оның баратын жеріне жетпей көлік басқа елді-мекенге тоқтап қалса, жолаушының нақты баратын жері мен көлік тоқтаған жері 10- 15 км. Намаз қысқартылып оқыла ма? 

- Діттеген елді-мекенге жетпегендіктен әрі ол тоқтаған жерде «15 тәулік» уақыт қалуды ниет етпегендіктен, жолаушылығы жалғаса береді, намазды қысқартып оқиды. Жолаушы үкімінен қашан шығады? Егер діттеген елді-мекеніне кіріп, ол жерде ең аз 15 тәулік қалуды ұйғарған болса, ол кісі жолаушы болудан шығып, қайтқанша намаздарын қысқартпай толық оқиды. Сондай-ақ, өзінің тұрақты елді-мекеніне келгенде де жолаушы үкімінен шығады. 

Абдусамат Қасым