Жолаушы өз ауылына кірмей, сыртынан өтіп бара жатса, намазды толық оқи ма, қысқартып оқи ма?
Жолаушы өз ауылына кірмей, сыртынан өтіп бара жатса, намазды толық оқи ма, қысқартып оқи ма?
2 күн бұрын 683

Әссәләмуғалейкум! Жолаушы жолда жүріп ауылының үстінен өткенде намаз оқыса толық оқи ма, бірақ ол әлі сапармен жүр? 

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ереже бойынша, жолаушы кісі өзінің тұратын елді-мекенінің шетіне кіргенге шейін жолаушылығы жалғаса береді. Сондықтан да, сапардағы адам өзінің тұрақты аулының үстінен өтіп, ауылына кірмей, оның сыртынан айналып өтіп бара жатып намаз оқыса, қысқартып оқиды, өйткені, тұрақты елді-мекенінің ішіне кірмей, сыртынан өтіп бара жатқандықтан жолаушылығы жалғаса береді.

Мәселен, жолаушылап келе жатқан мұсылман өзінің тұратын ауылының сыртына жақындағанда, ауылға кірмей тұрып намаз оқитын болса, онда да намазын қысқартып оқиды, өйткені, оның жолаушылығы ауыл шетіне аяқ басқанға дейін жалғаса бермек1. Риуаяттарға қарағанда Әзіреті Әли (Алла оған разы болсын) Басра (қазіргі Ирак) қаласынан келе жатып, Куфа қаласына жақындағанда Куфа қаласының шетіндегі үйлерге қарап тұрып, намазын жолаушы ретінде оқыған екен2. Ол кезде Куфа қаласы халифа Әзіреті Әлидің тұрақты елді-мекені болатын. 

Әлхәмдулилләһи Раббиль аләмин!


1Имам Кәсәни: «Бәдәиъус Санаиъу». 1|\496 бет.
2Ибн Әби Шәйбә риуаят еткен.

Абдусамат Қасым