Жапон елінде екінті намазын Шафиғи мәзхабы бойынша оқиды екен. Мен қалай оқысам болады?
Жапон елінде екінті намазын Шафиғи мәзхабы бойынша оқиды екен. Мен қалай оқысам болады?
7 жыл бұрын 5030

Әссәләмуғалейкум!

Менің есімім Аменгелді. Сіздерге қояр сауалым бар. Мен Ханафи мәзхабын ұстанамын. Қазір оқуда Жапон мемлекетіндемін. Ол жерде мұсылмандардың көпшілігі шафиғи мәзхабымен оқиды. Мен Ханафи мәзхабымен оқудамын. Бірақ, екі мәзхабта уақыт айырмашылығы бар. Айырмашылық екінті намазында. Мен намаз уақытын бірлікті бұзбай Шафиғи мәзхабымен оқысам бола ма? Амангелді.  

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!  

Екінті намазының кіру уақытына қатысты «асри әууәл» және «асри сәни» деген екі түрлі уақыт түсінігі бар: «бірінші асыр уақыты» және «екінші асыр уақыты» деген сөз. 

Әр нәрсенің көлеңкесі өзімен бірдей болған уақытты «асри әууәл» дейміз де, ал әр нәрсенің көлеңкесі өзінен екі есе ұзарған уақытты «асри сәни» дейміз.

Ендігі жерде, Имам Ағзам Әбу Ханифа және жалпы ханафи мәзхабында екінті намазының уақыты болып «асри сәни» уақыты негізге алынған. Ал, ұлық имамның шәкірттері Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед (р.а.) екінтінің кіру уақыты ретінде бірінші уақытты, яғни «асри әууәлді» құп көрген[1]. Қалған үш мәзхаб та осы соңғы тұжырымды қолдайды.

Ендеше, аталмыш елдегі мұсылмандар екінті намазын Шафиғи мәзхабына сай «асри әууәл» уақыты бойынша оқып жатқан болса, жамағаттан қалмай, екінтіні жергілікті намаз уақытымен оқуыңыз сіздің жағдайда қате боп саналмайды. 


[1] Бадруддин Айни: Биная – 1/17 бет. 

Абдусамат Қасым