Ассалаумағалейкүм жаназаны уәли сол үйдің адамы шығарған абзал ма имам ба білімі болса? Дана.
Жаназа намазын шығаруға кім лайығырақ: уәли ма, имам ба?
|
Әлхәмдулиллә. Уассаләту уәссәләму аля Расулиллә.
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Құрметті сауал жолдаушы, жаназа намазын шығаруға лайықты жеке тұлғалар кезегімен келесідегідей:
- Патша.
- Қазы (сот)
- Әкім.
- Жергілікті имам.
- Уәли (мәйіттің әкесі, бауыры, баласы, көкесі т.б. ең жақын туыстары)1. Патша мен жергілікті имамнан өзгесі мәйіттің туысының рұқсатынсыз жаназа шығара алмайды.
Тізімде де білініп тұрғандай, мәйіттің жаназасын шығаруға лайықты жеке тұлға, ол - жергілікті имам екен. Өйткені, мәйіт тірісінде оның имамдығына разылық танытқандықтан, өлісінде де жаназасын соған шығарту заңды болмақ. Ал жергілікті имам болмаса, жаназаны жақыны шығарады немесе жақыны жаназа шығара алатын өзге мұсылманға тапсырады. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
1Имам Мәрғинәни: «әл-Һидая»; Сәмнақи: «Хозәнәтуль муфтиин». әл-Жанаиз.
Өзекті сұрақтар