Екі адам намаз оқығанда ұюшы имамнан төмен тұра ма, әлде қатарласып тұра ма?
Екі адам намаз оқығанда ұюшы имамнан төмен тұра ма, әлде қатарласып тұра ма?
2 жыл бұрын 5214

Әссәләму әлейкум! Бір адам имамға ұйығанда имамның аяғынан төмен тұрады. Ұюшы адамның аяқ саусағының басы имамның аяғының қай тұсында тұрады? Қандай дәлел бар? Кей бауырларымыз имаммен бірдей етіп тақап қойып жатады. Бекжігіт.

Бисмилләһир рахманир рахим

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Екі адам намаз оқығанда ұюшы кісі имамның оң жағында тұрады және не ілгері, не кейін тұрмай, онымен қатарласып тұрады1. Бұл - Имам Ағзамның (рахимаһуллаһ) тоқтамы. Әрідесе Әзіреті Омар, Әзіреті Әнәс, Абдулла ибн Аббас сынды сахабалар да (радияллаһу анһум) осындай тоқтамға келгендігі деректерде айтылған2.

Бірақ, Имам Мұхаммед (рахимаһуллаһ) «екі адам оқығанда, ұюшы аяғының саусақ ұштарын имамның өкшесіне туралап қояды» деген3. Имам Мұхаммедке қарағанда, екі адам оқығанда ұюшы имамның оң жағында тұрып, аяғының саусақ ұштары имамның өкшесіне келетіндей көлемде аздап кейін тұрады екен.  

Екі үкімнің екеуі де дұрыс. Бірінші тоқтам Ханафи мәзхабында негіз саналғанымен, Имам Мұхаммедтің айтқаны да қате саналмайды. Сондықтан, қатар тұрып оқысаңыз да, аздап кейін тұрып оқысаңыз да, намазыңыз дұрыс. Абзалырағы – қатар тұрып оқу.

Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин.


1Абдуррахман Шәйхизадаһ: «Мәжмәъуль Әбһур», 1/109 бет;
2Бәдруддин әл-Айни: «Умдәтуль Қари Шәрху Сахихиль Бұхари», №699 хадис түсіндірмесі.
3Бәдруддин әл-Айни: «әл-Биная шәрхуль Һидая», 2/ 340.

Абдусамат Қасым