Егер бір адам қатты налып басқа мұсылманды қарғап қойса, бірақ артынан өкінсе, қарғысы орындала ма?
Бір мұсылманға қарғыс айтып қойса, оның кешірімі бар ма?
|
Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.
Егер бір адамға нақақтан-нақақ қарғыс айтып, жаман тілекте болса, бұл қарғыс айтушыға күнә болады. Өйткені, ешқандай зиян көрмесе де оған қарғыс айтып отыр. Алайда күнәсін жуудың жолы бар. Оның жолы — әлгі қарғыс айтқан адамының артынан жақсы дұғада болу, ол үшін Құдайдан жақсылық тілеп, дұға жасауы керек. Кәффараты– осы. Себебі, жақсылық жамандықты жояды. Бұған қатысты Құран Кәрімде былай делінген:
إِنَّ الْحَسَنَاتِ يُذْهِبْنَ السَّيِّئَاتِ ۚ ذَٰلِكَ ذِكْرَىٰ لِلذَّاكِرِينَ (114)
«Шынында, жақсылықтар жамандықтарды кетіреді. Бұл еске алушыларға бір ескерту»[1].
Ең дұрысы – Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
[1] Құран Кәрім, «Һүд» сүресі 114 аят.
Көп оқылғандар
■
Арақ-шарап сататын «алкомаркеттен» зат сатып алуға бола ма?
■
Пайғамбарымыз (с.а.у.) тек тақуа адамның ғана түсіне кіре ме? Діндар емес мұсылманның түсіне кіруі мүмкін бе?
■
Бақилық болған әкемнің атынан «умра қажылығын» жасай аламын ба?
■
Жайраның (дикобраз) еті адал ма?
■
Әлсіз хадисті таратса бола ма?