Бесін намазын оқып жатқанымда екінтіге азан шақырылса, бесіннің қазасын өтеуім керек пе?
Бесін намазын оқып жатқанымда екінтіге азан шақырылса, бесіннің қазасын өтеуім керек пе?
7 жыл бұрын 6441

Бесін намазын оқып жатқанымда екінтіге азана шақырылды. Сондай кезде не істеуім керек еді? Қазасын өтеймін бе? Бауыржан.

Сахаба Әбу Һурайрадан жеткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Кімде-кім бір рәкәғатқа үлгерер болса, толық намазға үлгергенге есептеледі»[1].

Ендеше, бесін намазының парызын оқып жатқан тұста екінтінің уақыты кірген жағдайда бастаған намазыңыздың қалған рәкәғаттарын тәмәмдайсыз. Уақыт шықпай жатып парызына бастап үлгергендіктен, ол намаз уақтылы оқылғанға есептеледі. Қайта қазасын өтеудің қажеті жоқ. Әйткенмен де, себепсіз намазды осылайша кешіктіріп оқудың мәкруһ болатындығын ұмытпаған жөн. 


[1] Имам Мәлик Муатта – Уқутус сала, 1515.

Абдусамат Қасым