Балдақпен жүретін кісіге жұмаға бару парыз ба?
Балдақпен жүретін кісіге жұмаға бару парыз ба?
28 күн бұрын 1089

Ассаламуғаләйкум! Аяққа жасалған отадан жаңа шыққан, қос балдақпен жүретін кісіге Жұма намазға бару парыз ба? Рақмет.

Уағалейкумуссәләм!

Құрметті сауал жолдаушы!

Жұма намазының парыз болу шарттарының бірі – екі аяғы сау болу. Екі аяғымен жүре алмайтын мұсылманға жұма парыз емес. Сондықтан да, сауал жолдаушы мұсылман жағдайына қарағаны абзал: егер, отадан жаңа шығып, ауруы асқынып кететіндігінен қауіптенсе, жұмаға бармауына рұқсат, Алла кешірімді. Ол пендесіне жеңілдік қалайды, ауырлық қаламайды. 

Абдусамат Қасым