Ата-анамның үйіне барғанда, намазды жолаушы ретінде қысқартып оқимын ба?
Ата-анамның үйіне барғанда, намазды жолаушы ретінде қысқартып оқимын ба?
2 жыл бұрын 3255

Ассәләмуғалейкум! Егер ата-ананың үйі, өзінің тұрғылықты жерінен 90 км алыста болса, намаз сапар болып оқыла ма? Рахмет. Құрметпен Қанат!

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Фиқһ ережесі бойынша, кісі өзінің туып-өскен жерінен кетіп, басқа елді мекенге қоныстанса және сол жерде тұрақтауды ұйғарса, оның бұрынғы туып-өскен жері «негізгі отан» (асли отан) мәртебесін жоғалтады.

Осы ережеге сай айтар болсақ: Сіздің тұрғылықты жеріңізден 90 шақырым қашықтықта орналасқан ата-анаңыздың ауылына 15 күннен аз уақытқа барған болсаңыз, жолаушы ретінде намазды қысқартып оқисыз. Аллаһу аъләм. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым