Әссалямуғалейкум! Сапарда Ақтау қаласына келіп едім, 14 күн болып. Енді 3-4 күнде басқа қалада болып, қайта Ақтауға оралдым. Өзімнің тұрғылықты жерім Шымкент. Тағы да Ақтауда іс сапарда 1-2 апта болатын сияқтымын. Сұрақ: мен намазды қысқартып оқиын ба немесе толық оқығаным дұрыс бола ма? Рахмет.
|
«Ақтауға сапарлап келдім, кейін басқа қалаға кеттім, кейін қайта Ақтауға оралдым. Намазды қалай оқимын?»
|
Бисмилләһир рахиманир рахим
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Сіздің жағдайда жолаушы ретінде намазыңызды қысқартып оқисыз. Себебі, екінші рет Ақтауға келгенде 1-2 аптаға қалуды ниет етіп отырсыз. Бұл - 15 тәулікке жетпейтіндіктен, жолаушы үкімінен шықпайсыз. Ал аталмыш қалада қалған әуелгі күндеріңіз есепке алынбайды, өйткені ол кездегі ниет, ол қаладан шығып кетумен бұзылып отыр. Әлхәмдулилләһи Раббиль аләмин!
Өзекті сұрақтар
■
«Намаз мені тастап кетті» деген сөздің негізі бар ма? Намаз адамды тастай ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?