Әссәләмуалейкум! Бір досым сұрап еді, жауап бере алмадым, бір отырыста отырып оған «холодный кофе» деп алып келіп берген, сүйтсе ол виски боп шыққан бір жұтым жұтып койды. Намаз оқи беруге бола ма деген сұрақ? Дана.
|
Абайсызда виски ішіп қойған кісі намазын оқи беруі керек пе?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Абайсызда істелінген іс болғандықтан күнә жазылмайды. Намазын тоқтатпай, оқи беруі тиіс. Білместіктен туындаған олқылық болғандықтан, иншаАлла, оқыған намаздарының сауабы да кемімейді деген үміттеміз. Алайда келесі де «біреу ішімдік беріп жіберуі мүмкін» жерлерге бармауға әрі ондай ортада отырмауға ден қойғаны дұрыс. Алла Тағала Құран Кәрімде мүміндерді сипаттай келе былай деп өтеді:
وَالَّذِينَ لَا يَشْهَدُونَ الزُّورَ وَإِذَا مَرُّوا بِاللَّغْوِ مَرُّوا كِرَامًا
«Олар жалғандыққа куә болмайды (яғни, ондай жерде отырмайды). Қашан әбес нәрселерге кезіксе, абыроймен өтіп кетеді»1
1 Құран Кәрім, «Фұрқан» сүресі, 72 аят.
Өзекті сұрақтар
■
Физиогномиканың Исламдағы үкімі қандай?
■
Әйелім баптист дінінде екен. Некеміз не болады?
■
Сәжде аятын қазақша мағынасынан оқыса да сәжде жасау керек пе?
■
Біреудің сәлемін алғанда, естірмей жауап берсе бола ма, әлде естіру керек пе?
■
«Шот-фактураға» артығымен көрсетіп, артығын өзім алсам бола ма?»