Теріге жағылған йод не жасыл дәрі (зеленка) дәретке кедергі ме?
Теріге жағылған йод не жасыл дәрі (зеленка) дәретке кедергі ме?
7 жыл бұрын 8334

Ассалумағалейкум! Сіздерге сұрақ. Менің құлағыма, бетіме жара шығып еді. Соған йод, зеленка жағып жатырмын. Соған сол менің дәрет алуыма кедергі болуда. Бетімді жусам бетім аурып жатыр. Бетке қолға сіңген йод жане зеленка дәрет алуға қаншалықты кедергі?  Тезірек жауап берсеңіздер! Намаздарым каза болып жатыр.  Еркебұлан

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Теріге жағылған йодтан немесе жасыл дәріден терінің беткі жағында су өткізбейтіндей қабыршақ пайда болмайтындықтан дәретке кедергі емес. 

Осы орайда, жараға су тигізу зиянды болса, немесе жазылуын тежесе, жара бетін сипап қана қою жеткілікті (сау жерлері жуылады). Жараны сипау да мүмкін болмаса, жара бетіне таңғыш байлап, не жабысқақ пластырь (лейкопластырь) жабыстырып, соның үстінен мәсих тартасыз (сипайсыз). Таңғыш үстінен мәсих тарту да зиян тигізсе, мәсих тартпай сол күйінше қалдырып, қалған жуылуы керек жерлерін жуасыз[1].  

Дәрет алғанда құлаққа мәсих тарту сүннет амалына жататындықтан, құлаққа мәсих тартпасаңыз да дәретіңіз толық боп саналады.


[1] Әл-Кәсәни: Бәдаиғ – 1/151-152 беттер. 

Абдусамат Қасым